Алматыда онлайн сатылған 8 мың вейп тәркіленді

Құқық бұзушылар бұл өнімдерді онлайн платформаларда сатқан.

Алматы полициясы 8 мың вейпті тәркіледі. Бұл туралы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов мәлімдеді.

Мессенджерлер арқылы күдіктілер тауардың саны мен жеткізілетін мекенжайы көрсетілген онлайн тапсырыстар алып отырған. Сатып алушыға жеткізу курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылды.

"Вейп көпқабатты үйлердің жертөлесінде, компьютерлік клубтардың ішінде, бір сөзбен айтқанда, құпиялылық шараларын сақтай отырып орналастырылған. Бір кездері жұмыс істеген ресми дүкендер жабылғандықтан, онлайн түрде тыйым салынған вейптерді сату деректері бар. Тек кейінгі 24 сағаттың ішінде заңсыз айналымнан 8 мыңнан астам вейп пен оның құрамдас бөліктері тәркіленді", – деді Қуатбек Науатов.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз