Алматыда Жұбанов көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты түнде жабылады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алматыда Жұбанов көшесінде көлік қозғалысы 6 сағатқа тоқтайды.

Алматыда Жұбанов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

3 қыркүйек сағат 23:00-ден 4 қыркүйек сағат 05:00-ге дейін Өтеген батыр көшесінен Алтынсарин даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы толық жабылады. 

"Бұл уақытта жолдың жоғарғы асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жүргізілетін учаскеде тиісті ескерту белгілері орнатылады. Жұмыс мерзімі ауа райына және өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін", – делінген хабарламада. 

Алматы әкімдігі жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді сұрады.

Көлік қозғалысына қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карты" қосымшаларында жарияланады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау