Тікелей эфир

Алматыда жаңбыр жауады: Су тасқынының алдын алу үшін қандай шара қолданылып жатыр

Жаңбыр 15 сәуірде кешке басталып, 17 сәуір күні таңертеңге дейін әлсін-әлсін жауады.

15 сәуір күні кешке 17 сәуір таңға дейін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының хабарлауынша, қаланың коммуналдық қызметтері қаланың су бұру жүйелерін алдын ала тексеріп, су алатын торларды, арық жүйелері мен құдықтарды тазарту жұмыстарын жүргізеді.

Су тасқынының алдын алу және жауын-шашын кезінде жекелеген учаскелерде судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін мотопомпалармен, ілмектермен және басқа да құралдармен жабдықталған 52 жедел мобильді топ ұйымдастырылған. 2,3 мың құм салынған қап дайындалды.


Оқи отырыңыз: Қостанай облысында су тасқынынан екі көпір зақымданды


Түнгі уақытта 236 арнайы техника, 28 мотопомпа және 215 жол қызметкерін пайдалануды жоспарланып отыр. Қажет болған жағдайда 150 бірлікке дейін техника мен 200 жұмысшы қосымша тартылады.

«Ауа райының нашарлауына байланысты ағаштардың құлау қаупі және электр сымдарының үзілуіне байланысты жүргізушілерге көліктерді жол жиегіне қоюға кеңес берілмейды. Су тасқынының алдын алу үшін азаматтардан арықтарға, каналдарға қоқыс тастамауын сұраймыз. Су тасқыны немесе уақытша су жиналып қалған жағдайда аудан әкімдіктеріне хабарлауға немесе What’s app нөміріне +7 (706) 689 88 98 хабарлама жазуға болады», – деп жазылған хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары