Жер сілкінісінің ошағы мегаполистен оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.
Бүгін, 29 шілдеде сағат 11:09-да Алматыда жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жер сілкінісінің ошағы мегаполистен оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласында жер асты дүмпулері 2 балл қуатпен сезілді.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Жер сілкінісі кезінде ұстану қажет қағидалар:
- сабыр сақтаңыз;
- жер сілкінісі болып жатқан кезде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз;
- жиһаздар мен терезелерден алыс тұрыңыз, люстралардың астында тұрмаңыз;
- берік әрі қауіпсіз жерге паналаңыз. Егер ғимараттың жоғарғы қабаттарында болсаңыз, негізгі көтергіш қабырғалардың бұрышына орналасыңыз;
- су, газ және электр қуатын ажыратыңыз;
- төтенше жағдайға арналған сөмкені (дабыл чемоданын) өзіңізбен бірге алыңыз;
- ғимараттан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – жер асты дүмпулері толық тоқтағаннан кейін);
- көшеде электр желілерінен, ғимараттар мен ағаштардан алыс болыңыз;
- қайталама жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
- егде жастағы адамдарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетіңіз.
2 балл. Алматы маңында тағы жер сілкінді
Алматыда жер сілкініп, дабыл жүйесі іске қосылды