Тікелей эфир

Алматыда зейнеткерден ақша алған “курьер” ұсталды

80 жастағы зейнеткер алаяққа “немересі жасаған жол апаты” үшін 2 миллион теңге берді.

Белгілі болғандай, Бостандық ауданында тұратын егде адамның пәтеріндегі стационарлық телефонға қоңырау түске.  “Немере қызы” апатқа себепкер болды деген болжаммен көмек сұраған. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

"Немерем телефонды адвокатқа беретінін, адвокат біреудің реанимацияда жатқанын, 5-6 жыл түрмеде отырудың орнына, 6 миллион теңге төлеу керектігін айтты. Ақшаны алып, айтқан жеріне апардым. Бір жігітке бердім. Олар алаяқ болып шықты", – деді зейнеткер.

Жедел іс-шараларды жүргізу барысында “Киберпол” қызметкерлері 20 жастағы С.есімді азаматты ұстады.

"Ол курьер болып жұмысқа қабылданғанын айтып, істеген ісін мойындады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Курьердің жеке басы басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.


Оқи отырыңыз: Онлайн-мамандықтар ауыл жастарын жұмыссыздықтан құтқара ала ма?


ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Серіктестер жаңалықтары