Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан бұзылды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматы қалалық сотының 2025 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Алматыда Ниязбеков көшесі, 30/1 мекенжайында орналасқан ғимарат сот шешімімен сүрілді. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында нысан иесіне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, басқарма заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арызбен Жетісу аудандық сотына жүгінді. 2024 жылғы 17 желтоқсандағы сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Алматы қалалық сотының 2025 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Бүгінгі таңда сот шешімін орындау аясында нысан иесі ғимаратты өз күшімен бұзды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары