16 тамызда Алматыда әуесқойлар мен ардагерлер арасында өтетін Gran Fondo World Championship велоспорттан әлем чемпионатына байланысты әл-Фараби даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Қалалық Спорт басқармасының мәліметінше, шектеулер жарысқа қатысушылар мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
Қай уақытта және қай учаскелер жабылады?
- 05:30–06:40 аралығында әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Талғар тас жолына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
- 05:30–10:30 аралығында әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Науаи көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалысқа шектеу қойылады.
Жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады.
"Gran Fondo World Championship жарысына 20-дан астам елден 1000-ға жуық әуесқой спортшы қатысады. Қатысушылар 95, 50 және 37 шақырымдық қашықтықтарда бақ сынайды", – делінген хабарламада.