Тікелей эфир

Алматыда ұсталған қырғыз кәсіпкердің туыстары Бішкекте қарсылық акциясын ұйымдастырды

Акцияға 40-қа жуық адам жиналған.

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Алматыда ұсталған кәсіпкер Эрмек Марқабаевтың туыстары қарсылық акциясын өткізіп, істің әділ қаралуын талап етті, деп хабарлады BBC News Қырғыз қызметі. Еске салайық, "Алтын орда" базары басшыларының бірі болған ол 2 маусымда қамауға алынған болатын.

Акцияға жиналғандар Эрмек Марқабаевтың ісі әділ қаралып, оның еліне оралуын сұрайды. Бұған дейін Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Қырғызстан азаматаының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрі қолға алынғанын хабарлады. Министрліктің мәліметінше, бұл мәселе бойынша Қазақстан тарабына бірнеше мәрте нота жолданған.

Сондай-ақ, Қырғызстанның бас консулдығының өкілдері сот отырыстарына қатысып жатқаны да белгілі болды. Ведомствоның хабарлауынша, 6 шілде күні Қырғызстанның бас консулы Назаралы Әріпов Марқабаевпен жолыққан.


Оқи отырыңыз: 


Еске салайық, Алматы облысында 2 маусым күні Қарасай ауданының полиция қызметкерлері "Алтын орда" базары басшыларының бірін ұстады. Кейін оның базар директорының орынбасары Эрмек Марқабаев екені белгілі болды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары