ҰҚШҰ контингенті әскерлерін Қазақстаннан шығаруға ең көп дегенде 10 күн кетеді.
Алматыда ҰҚШҰ бітімгерлік күштерін Қазақстан аумағынан шығару салтанатты рәсімі өтіп жатыр.
Рәсім Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты базасында ұйымдастырылды. Шара Қазақстанға келген ҰҚШҰ күштері әскерлерінің сап түзеуінен басталды.

Алматыда өткен жедел штаб отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласына қосымша күштер, соның ішінде ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің күштерін жұмылдыруға қатысты берген тапсырмасының нәтижесінде қала лаңкестерден толық тазартылғаны туралы баяндалған болатын. Қазіргі уақытта қала тіршілігін қамтамасыз ететін барлық саланың жұмысын қалпына келтіру белсенді жүріп жатыр.

2 қаңтарда Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының көтерілуіне қарсы митингтер басталды. Наразылықтар басқа өңірлерге де ұласып, 4 қаңтарда террорлық шабуылдарға дейін өсті. Алматыда қылмыстық топтар қала әкімдігі мен басқа да әкімшілік ғимараттарын өртеп, инфрақұрылым нысандарына зақым келтірді, дүкендерді тонады. 6 қаңтарда мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, ҰҚШҰ елдерінен көмек сұрады.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдерінің бітімгерлері жауынгерлік әрекеттерге қатыспады, бандиттерді жоюмен айналыспады. Олар қорғау мен күзет қызметін орындады.
Қазақстан президенті ҰҚШҰ миссиясына өте сәтті өтті деп баға берді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇹🇷 Түркиядағы жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 3 мыңға жуықтады
-
410
-
2
-
2
-
-
2🇰🇿 Биыл 1539 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
375
-
0
-
5
-
-
3🚨Қазақстандық ТЖМ құтқарушылары Түркияға аттанды
-
356
-
0
-
3
-
-
4📣 Қазақстандықтар депозит бойынша 10 пайыз өтемақыны наурыз айында алады
-
369
-
1
-
3
-
-
5Асхат Аймағамбетов: "Бізге бәсекеге қабілетті білім керек "
-
358
-
0
-
0
-
-
6📲 4% автонесие: Наурызда телефон арқылы өтініш беруге бола ма?
-
354
-
1
-
0
-
-
7"Қарды ерітіп жуынамыз". Алматының Ақжарында ауыз су неге тоқтады?
-
331
-
0
-
0
-
-
8119 кандидат: «AMANAT» партиясынан мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілді
-
335
-
0
-
2
-
-
9🇹🇷 «Бұл түнді ұйқысыз өткіздік»: Түркияда оқитын отандасымыз апат жайлы пікірін жолдады
-
337
-
1
-
3
-
-
10🥕 Қазақстанда картоп, сәбіз, пияз жеткілікті ме?
-
322
-
0
-
0
-