Тікелей эфир

Алматыда Ұлы Отан соғысының 100 жастағы ардагері қайтыс болды

Ардагерді жерлеу рәсімі "Кеңсай" зиратында барлық әскери құрметпен өтті.

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Шәңгерей Жәнібековпен қоштасу рәсімі өтті. Рәсім майдангер тұрған үйдің манында өтті. 

Жерлеу рәсіміне "Қарулы Күштердің ардагерлері" РҚБ Алматы филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин, Алматы гарнизонының, Медеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері, Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері қатысты.

Шангерей Жәнібеков 1924 жылы 15 маусымда Қостанай облысы Денисов ауданы Қарпық ауылында дүниеге келген. Ерте жасында жетім қалып, туыстарының қолында өскен.

Қостанай медициналық училищесінде білім алып, 1942 жылы әскери фельдшер ретінде Кеңес армиясының қатарына шақырылды. Жараланған сарбаздарға медициналық көмек көрсетіп, Брянск, Степный және Екінші Украин майдандары қимылдарына қатысты.

Ардагер Белгород, Харьков, Полтава, Кременчугты азат етуге, сонымен қатар Корсун-Шевченков және Ясско-Кишинев операцияларына қатысты. Румыния, Венгрия, Чехословакия және Аустрия аумағындағы неміс-фашистік әскерлерге қарсы шайқастарға қатысты.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары