Алматы тұрғындары женр сілкінгенін сезді. Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінгенін растады. Қазіргі таңда ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің уақыты: 09:38:07.
Жер сілкінісінің қуаты Алматыда 3-4 балл, Алматы облысының Қарасай ауданында 2-3 балл, Боралдайда 2-3 балл және Өтеген батыр ауылында 2 балл болды.
Еске салайық, бүгін таңертең Қазақстанда тағы да бір сейсмикалық оқиға тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ҚР ТЖМ Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының деректеріне сілтеме жасап хабарлады.
Әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі таңғы сағат 6:32-де Алматыда жер сілкінісін сезгенін жазған.
Алайда Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласында жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпаратты растаған жоқ.
"Алматы қаласында сезілмеді. Жер сілкінісіне байланысты оқиғалар туралы хабарламалар және 112, 101 нөмірлеріне жүгінулер Алматы қаласы ТЖД-ға түскен жоқ", – делінген ведомство хабарламасында.
Қырғызстанда жер сілкінісі жиіледі. Қауіптенуге негіз бар ма
Алматыда жер сілкінісі кезінде ескерту жібермеген шенеуніктер сотталды