Апат салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алды.
Алматыда троллейбус аялдамаға соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.
Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, бұл жол-көлік оқиғасы Алматының Алмалы ауданында болған.
"Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта, Мақатаев көшесінің оңтүстігінде келе жатқан троллейбус жүргізушісі рөльді басқара алмай аялдамаға соғылды. Салдарынан аялдамада тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетті", – деп жазылған хабарламада.
Апат салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алды.
Қазіргі күні Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.