Алматыда LRT жобасын іске асыруға байланысты Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Қалалық әкімдік мәліметінше, 7 қыркүйек сағат 23:00-ден 8 қыркүйек сағат 14:00-ге дейін Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде қажетті ескерту белгілері орнатылады. Қала әкімдігі жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Жолдағы шектеулер туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карты" қосымшаларында жарияланады.