Тікелей эфир

Алматыда төтенше жағдайлар кезінде жедел хабар алмасуды енгізуге 475 млн теңге бөлінді

Алматыда жедел ескертулер 2024 жылдың мамыр айында енгізіледі деп жоспарлануда.

Алматыда 2024 жылдың мамыр айының соңына дейін жаппай жедел хабар алмасуды енгізуді жоспарлап отыр. Оған 475 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев үкімет отырысында мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, Алматы әкімдігі пилоттық режимде Цифрлық даму министрлігімен және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, қала тұрғындарын төтенше жағдайлар туралы жедел хабардар ету мақсатында 2024 жылдың мамыр айының соңына дейін Cell Broadcast технологиясын пайдалана отырып, жаппай ескерту қағидаты бойынша халықты жедел хабардар ету жүйесін енгізуге 475 миллион теңге бөлінді.

"Дәстүрлі SMS-тен айырмашылығы, Cell Broadcast технологиясы желіде қосымша жүктеме жасамайды және базалық станция антенналарының қамту аймағында орналасқан барлық абоненттерге жедел және жаппай таратуға, хабарландырудың уақыты мен жиілігіне мүмкіндік береді", – деді Ерболат Досаев.

Бұған дейін Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин 2022-2023 жылдар аралығында оның ведомствосы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, хабарлау жүйесін сынақтан өткізгенін хабарлаған болатын.


Оқи отырыңыз: Алматыда дәрігерлер зілзала кезінде қауіпке қарамастан, науқастарға ота жасады


Алматыда 2024 жылдың 23 қаңтары мен 4 наурызында болған жер сілкіністері кезінде қала тұрғындары мен қонақтарына сейсмикалық оқиға аяқталғаннан кейін SMS хабарлама келді. Хабарлама барлығына дер кезінде жіберілгенімен, оларға жетуге көп уақыт кеткені айтылды.

Серіктестер жаңалықтары