Гинекология бөлімінде жүкті келіншекке «кесарь» тілігі, жақ-бет хирургия бөлімшесінде көздің астыңғы сүйегі сынған сырқатқа, ал травматологияда сан сүйегі сынған емделушіге ота жасалған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Бұдан бөлек, хирургия бөлімінде тағы бір науқастың өтінен тас алыныпты. Аурухана әкімшілігінің айтуынша, барлық ота шамамен 10:50 шамасында басталған. Демек, хирургиялық көмекті тоқтатуға мүмкіндік болмаған.
Сондай-ақ, кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иститутының қызметкерлері де зілзала кезінде дүрлікпей, отаны аяқтауға күш салған.
"Зілзала кезінде біздің қызметкерлер мен жүруге мүмкіндігі бар науқастар қауіпсіз жерлерге шығарылды. Ал, ауыр хәлдегі сырқаттардың қасында медбикелер мен кезекті дәрігерлер болды", – деді АККА еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер Зәуреш Арыстанова.
Оқи отырыңыз: Алматыда жер сілкінісінен кейін кей мектеп қабырғаларында жарықтар пайда болды