Алматыда тау бөктеріндегі заңсыз салынған үй бұзылып жатыр

Фото: Қала құрылысын бақылау басқармасы
Фото: Қала құрылысын бақылау басқармасы
Қалада заңсыз құрылысқа қарсы шаралар күшейтілді.

Алматы қаласында тау бөктерінде заңсыз салынған үш қабатты нысан бұзылып жатыр. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлап отыр.

"Ерменсай шағынауданындағы Таужиегі көшесі, 35-учаскеде орналасқан үй бұзылып жатыр. Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның жобалық құжаттама мен сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес келмейтіні анықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілді. Осыдан кейін басқарма нысанды пайдалануға беру туралы актінің күшін жою және құрылысты бұзу жөнінде талап арызбен Алматы қаласының Бостандық аудандық сотына жүгінді. 2025 жылы 20 тамызда сот талап арызды қанағаттандырды", – делінген хабарламада.

2025 жылғы 28 қазанда Алматы қалалық соты бірінші сатылы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Қазір қалалық Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысан бұзыла басталды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз