2,2 млрд теңге: Алматыда мемлекеттік мүлікті заңсыз иемденбек болғандар сотталды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Ұйымдасқан қылмыстық топ жалған құжат арқылы 2,2 млрд теңге мүлікті сатпақ болған.

Алматыда мемлекет пайдасына тәркілеуге жататын мүлікті заңсыз иемдену мақсатында "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізген топ сотталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Тергеу барысында Коспаевтың басшылығымен әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топ бірнеше компанияны рейдерлік жолмен иемденгені анықталған. Оларға AV-Construction ЖШС, "Стекольный завод" ЖШС, "Шалқар 17" ЖШС, "Бахар-А" ЖШС және басқа да кәсіпорындар кіреді.

Сот шешімімен Алматыдағы "Никольский" базары аумағында орналасқан Nikolsky Investment ЖШС-не тиесілі жер телімі мен мүлкіне тыйым салынған. Алайда 2025 жылдың қыркүйегінде Аслан Пухаев, Антон Соловьёв және Жақсылық Сәрсенбаев "Азаматтарға арналған үкімет" ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізіп, тыйымды заңсыз алып тастауды ұйымдастырған.

Осыдан кейін жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер телімін жалған тұлғалардың атына қайта рәсімдеп, сату жоспарланған.

Сот кінәлілерді 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді, ал мүлік толықтай мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік ақпараттық жүйелерге заңсыз араласуға қатысты әрекеттердің жауапкершілігі жоғары екенін ескертеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз