Тікелей эфир

Алматыда тағы үш жаңа қала маңындағы автобус бағыты іске қосылды

Барлық маршрутта жол жүру құны 120 теңге, Onay жүйесі қолданылады.

Алматыда үш жаңа автобус бағыты іске қосылды. Олар қала маңына қатынайды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматы агломерациясы тұрғындарына ыңғайлы болу үшін 1 қарашадан бастап үш жаңа қала маңы маршруты іске қосылды:

  • №245 маршрут: Ұзынағаш – Төле би-Яссауи автобекеті, сыйымдылығы үлкен 25 автобус, қозғалыс уақыты: 5:45-23:00.
  • №254 маршрут: Қаскелең – "Сәлем" базары, 16 автобус, қозғалыс уақыты: 5:50-23:00.
  • №239 маршрут: "Б.Момышұлы" метро бекеті – Долан ауылы, 18 автобус, қозғалыс уақыты: 5:30-23:01.

Барлық маршрутта жол жүру құны 120 теңге, Onay жүйесі қолданылады.

"Маршруттар сынақ режимінде іске қосылып, қозғалыс сызбасы мониторинг нәтижелеріне сәйкес түзетіледі. Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен былтыр 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алынып, 22 жаңа бағыт, оның ішінде 10 қала маңы маршруты ашылды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электр автобусы сатып алынды", – делінген хабрламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары