USD: 471.7 / 474.7
  • EUR: 542.5 / 547.5
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

"Райымбек" метро бекетінен Есікке дейін: Алматыда жаңа автобус бағдары іске қосылды

Бұған дейін Алматыда 34 қала маңы бағыты ашылып, оларға 491 автобус бөлінген болатын.

Алматыда қала маңына қатынайтын жаңа автобус бағыты ашылды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

"15 қазаннан бастап үлкен сыйымдылықтағы автобустар "Райымбек" метро бекетінен Есікке дейін қатынайды, соңғы аялдамасы – Еңбекшіқазақ ауданының Қызылжар ауылы. №252 бағытында 25 автобус қызмет көрсетеді, жүру аралығы 10 минут. Бұл бағытқа "Ecobus Servise" ЖШС қызмет көрсетеді", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда 34 қала маңы бағыты ашылып, оларға 491 автобус бөлінген болатын. Жыл аяғына дейін Алматы агломерациясындағы 70-ке жуық елді мекенді қамтитын тағы 19 бағыт ашу жоспарланып отырғаны айтылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау