USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Алматыда құрылыс нормаларын бұзған мердігер лицензиясынан айырылды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Қала билігі сапасыз құрылысқа қарсы шараларды күшейтті.

Алматының Қала құрылысы бақылау басқармасы "СК 7 Строй" ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде заң бұзушылықтарға жол бергенін хабарлады.

Компания қаладағы бірнеше нысанда, соның ішінде №112 мектеп ғимаратының қосалқы құрылысы мен Әуезов ауданындағы абаттандыру жобаларында жұмыс жүргізіп келген.

"Тексеру барысында жобалық шешімдерден ауытқу және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормалардың сақталмауы анықталды. Нәтижесінде мердігерге әкімшілік шаралар қолданылып, оның құрылыс қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясы кері қайтарылды", – делінген хабарламада.

Қала билігі құрылыс сапасын арттыру және заң талаптарының орындалуын қатаң бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау