USD: 482.3 / 484.9
  • EUR: 550.5 / 555.5
  • RUB: 5.97 / 6.09
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Алматыда шотландиялық режиссер Ион МакКинзидің The Show for Young Men спектаклі қойылады

Алматыда шотландиялық режиссер Ион МакКинзидің The Show for Young Men спектаклі қойылады
Қойылымның тұсаукесері 10, 11 және 12 сәуірге жоспарланған.

Алматыдағы ARTиШОК театрының сахнасында шотландиялық режиссер Ион МакКинзи қойған "The Show for Young Men" спектаклінің қазақстандық премьерасы өтеді. Қойылым 10, 11 және 12 сәуір күндері театрдың Үлкен сахнасында көрерменге ұсынылады.

Аталған спектакльді шотландиялық тәуелсіз Guest House projects театр компаниясы Edinburgh Festival Fringe үшін арнайы әзірлеген. Енді бұл жоба алғаш рет Қазақстан сахнасына бейімделіп отыр. Спектакльді қоюға British Council Kazakhstan қолдау көрсетті.

Қойылым заманауи ер азаматтың болмысын зерттеуге арналған. Сюжет екі кейіпкер – бала мен ересек ер адамның қарым-қатынасы арқылы өрбиді. Спектакльде әзіл, пластика, би және ойын элементтері арқылы ұрпақтар арасындағы байланыс, сенім мен түсіністік мәселелері қозғалады.

"The Show for Young Men" – мәтінсіз спектакль. Барлық оқиға сахнада қозғалыс, дене пластикасы және музыка арқылы жеткізіледі. Қойылым отбасылық форматта көруге ұсынылады және 8 жастан асқан балаларға түсінікті. Жоба заманауи қоғамдағы "үлкен мен кіші" қатынасына жаңаша көзқарас ұсына отырып, ер адамдардың қамқорлық, достық және эмоциялық ашықтық қасиеттерін көрсетуге бағытталған. 

ARTиШОК театрының басқарушы директоры Анастасия Тарасованың айтуынша, бұл жоба – халықаралық деңгейдегі қойылымды жергілікті сахнаға көшірудің сирек мүмкіндігі. Спектакль Эдинбург фестиваліндегі кәсіби іріктеуден өтіп, сыншылар тарапынан жоғары баға алған.

Қойылымда қазақстандық актерлер Евгений Игнатов пен Вася Болкунов өнер көрсетеді. Жоба көрермендерге заманауи театрдың жаңа форматын ұсынып, халықаралық тәжірибені жергілікті аудиторияға жақындатуды көздейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз