Алматыда қыс мезгілінде көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырын қар мен мұздан уақтылы тазалау бойынша бақылау күшейтілді. Бұл туралы Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті кондоминиум нысандарын басқару органдарына жүктелген. Заңнамаға сәйкес, МИБ, ПИК және басқарушы компаниялар ортақ мүлікті күтіп-ұстауға жауапты.
Олардың міндетіне:
- шатырларды;
- су ағар жүйелерін;
- күнқағарларды;
- ортақ мүліктің өзге де элементтерін қар мен мұздан жүйелі түрде тазалау кіреді.
Шатырда жиналған мұз сүңгілері мен қар тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан қауіпті аймақтар алдын ала қоршалып, тұрғындарға ескерту жасалып, тазалау жұмыстары дер кезінде әрі қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізілуге тиіс.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, егер тазалау жұмыстары уақтылы орындалмаса, жауапкершілік басқарушы ұйымға жүктеледі. Зиян келтірілген жағдайда азаматтар өз құқықтарын заң аясында, соның ішінде сот арқылы қорғауға құқылы.
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17