Алматыда 1 700-ден астам ірі қара жұқпалы ауруларға қарсы вакцина алады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Ветеринариялық шаралар тегін жүргізіледі.

Алматыда эпизоотиялық ахуалды тұрақты сақтау және тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында жыл сайынғы ветеринариялық алдын алу және диагностикалық шаралар қолға алынды. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына қарасты "Алматы ветеринариялық қызметі" мамандары мәлімдеді.

"2026 жылдың алғашқы тоқсанына арналған жоспарға сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарлары аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егіледі. Аусылға қарсы 1 760 бас ірі қара, 1 230 бас ұсақ мал және 120 бас шошқа вакцинацияланады. Сібір жарасының алдын алу үшін 120 шошқа, 14 түйе және 26 бір тұяқты жануарға екпе салынады. Сонымен қатар эмфизематозды карбункулға қарсы 1 120 бас ірі қара, нодулярлы дерматитке қарсы 1 420 бас ірі қара қамтылады", – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, 1 000 бас ірі қара мен 14 түйеге туберкулезге қарсы аллергиялық тексеру жүргізіледі. Сондай-ақ 350 ірі қара, 150 ұсақ мал және 200 жылқыдан бруцеллезге қарсы қан сынамалары алынады.

Барлық қарсы эпизоотиялық шаралар мемлекеттік тапсырыс аясында тегін өткізіледі. Мамандар жануар иелерін егу мен тексеру кезінде қолдау көрсетуге, жаңа туған төл туралы уақтылы хабарлауға және деректерді жүйеде жаңартуға шақырды.

Жануарларды есепке қою, вакцинация туралы ақпарат алу және деректерді нақтылау үшін Tort Tulik мобильді қосымшасын жүктеу ұсынылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз