USD: 471.7 / 474.3
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +38C
Все города

Алматыда Розыбакиев көшесіндегі заңсыз құрылыс бұзылып жатыр

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда рұқсатсыз салынған қосалқы нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Алматыда Розыбакиев көшесі, 249/1 мекенжайында рұқсатсыз салынған қосалқы құрылысты бұзу жұмыстары басталды. Бұл туралы қалалық Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің нысанды тиісті рұқсат құжаттарынсыз салғаны белгілі болған.

Осыған байланысты меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Кейін іс материалдары сотқа жолданған. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың қаулысына сәйкес, аталған қосалқы құрылыс бұзылуға тиіс.

Бүгін қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен нысанды сүру жұмыстары басталды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау