USD: 470.3 / 472.9
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.69 / 5.81
Тікелей эфир
Алматы +38C
Все города

Алматыда кәріз коллекторының құрылысына байланысты көлік қозғалысы өзгереді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алматыда Бекешев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады.

Алматының Наурызбай ауданында Батыс кәріз коллекторы құрылысының кезекті кезеңі басталуына байланысты Бекешев көшесінің бір бөлігінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарлады.

17 шілде мен 30 тамыз аралығында Бекешев көшесінің Әбділдин көшесінен Белжайлау көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы кезең-кезеңімен шектеледі.

Ведомствоның мәліметінше, бұл уақытта мердігер ұйым кәріз коллекторын салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізеді. Қозғалыс шектеуі жұмыстардың орындалу аймағына қарай енгізіледі.

Фото: Алматы әкімдігі

 

"Батыс кәріз коллекторы Алматыдағы маңызды инженерлік инфрақұрылым жобаларының бірі саналады. Жоба аяқталғаннан кейін қаланың су бұру жүйесінің сенімділігі артып, қолданыстағы және жаңадан салынатын тұрғын аудандарды орталықтандырылған кәріз желісіне қосуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар жоба санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайды жақсартуға, қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді", – делінген хабарламада.

Қала әкімдігі тұрғындар мен жүргізушілерден уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, жол белгілерінің талаптарын сақтап, бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау