USD: 467.9 / 470.5
  • EUR: 534.5 / 539.5
  • RUB: 5.79 / 5.91
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Алматыда Республика алаңында жаңа аялдама пайдалануға берілді: қандай автобустар тоқтайды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
№21, №45, №95 және №121 автобустары жаңа аялдамаға тоқтайды.

Алматыда Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне қарама-қарсы орналасқан жаңа "Алматы қаласының әкімдігі" аялдама пункті пайдалануға берілді. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар тасымалы басқармасы хабарлады.

Жаңа аялдама Сәтбаев көшесінің бойында орналасқан. Ол заманауи павильонмен, жолаушыларға арналған күту орындарымен және ақпараттық тақталармен жабдықталған.

Басқарманың мәліметінше, аялдаманы жобалау кезінде жолаушылардың қауіпсіздігіне, жайлылығына және қоғамдық көлікке міну мен түсу қолайлылығына басымдық берілген.

"Жаңа аялдама арқылы №21, №45, №95 және №121 автобус бағыттары қатынайды. Бұл бағыттарға күн сайын 75 автобус шығып, қаланың сұраныс жоғары аудандарына тұрақты қатынасты қамтамасыз етеді", – делінген хабарламада.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жаңа аялдаманың іске қосылуы қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттырып, мемлекеттік және қоғамдық нысандарға қолжетімділікті жақсартуға, сондай-ақ Алматының орталық бөлігіндегі жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау