USD: 471.9 / 474.5
  • EUR: 539.0 / 544.0
  • RUB: 5.91 / 6.03
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Алматыда түнгі автожарысқа қатысқан 10 көлік айып тұрағына қойылды

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Рысқұлов даңғылындағы заңсыз автожарыс тоқтатылды.

Алматыда полицейлер Рысқұлов даңғылында ұйымдастырылған заңсыз түнгі автожарыстың жолын кесті. Нәтижесінде 10 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі уақытта Рысқұлов даңғылы заңсыз жарыс өткізетін орынға айналған. Бірнеше жүргізуші жоғары жылдамдықпен жарысып, жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндірген.

Тәртіп бұзушыларды патрульдік полиция қызметкерлері байқап, ақпаратты бірден радио байланысы арқылы басқа экипаждарға жеткізген. Бірнеше минуттан кейін полицейлер Рысқұлов даңғылының Құдерин көшесінен батысқа қарай орналасқан бөлігінде көліктер легін тоқтатты.

Тексеру барысында жалпы саны 10 автокөлік, оның ішінде бірнеше қымбат көлік ұсталды.

Полицияның хабарлауынша, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны, апаттық жағдай туғызғаны және маневр жасау талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Барлық көлік арнайы айып тұрағына жеткізілді.

Алматы қаласының Полиция департаменті көшелердегі заңсыз автожарыстар жүргізушілік шеберліктің көрсеткіші емес, керісінше жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін атап өтті. Ведомство мұндай құқық бұзушылықтардың жолы жүйелі түрде кесіліп, кінәлілер заң аясында жауапқа тартылатынын ескертті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау