Алматыда референдум күні қоғамдық көліктер тегін қатынайды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Тегін жол жүру автобус, троллейбус және метрополитен сынды қалалық қоғамдық көліктің барлық түріне қатысты.

Алматыда 15 наурыз қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. Бұл шешім республикалық референдумның өткізілуіне байланысты қабылданды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі

"Тегін жол жүру автобус, троллейбус және метрополитен сынды қалалық қоғамдық көліктің барлық түріне қатысты. Жолаушылар оны күні бойы жолақы төлеу тәсіліне және пайдаланылатын электронды билет жүйесіне қарамастан пайдалана алады. Бұл шешім қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау және дауыс беру күні Алматы бойынша еркін қатынауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданды", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, 15 наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша республикалық референдум өтеді. Оған 12 миллионнан астам азамат қатысады. Барлығы 10 413 референдум учаскесі жұмыс істейді, оның ішінде 9 779-ы азаматтардың тіркелген жері бойынша, ал 634-і уақытша тіркеу орындарында ашылады.

Референдумде дауыс беру бойынша Информбюроның нұсқаулығын осы жерден оқуға болады. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз