Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігінде бір түнге қозғалыс шектеледі

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында.

Алматыда жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Райымбек даңғылының бөлігі бір түнге жартылай жабылады, деп хабарлайды "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

5 шілде сағат 23:00 бастап 6 шілде күні сағат 08:00 дейін Алматыда Райымбек даңғылының бойымен Ахрименко көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін екі бағытта автокөлік қозғалысы жартылай шектеледі. 

Уақытша шектеу жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында, 1983 жылы пайдалануға берілген магистральдық құбыржол учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. 

"Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар 2GIS және "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз