6 шілдеде Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтеді

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Концерт 17:00 мен 21:00 аралығында өтеді.

Алматыда 6 шілде күні Абай алаңында эстрада жұлдыздары, танымал домбырашылар және дәстүрлі әншілер өнер көрсетеді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мерекелік бағдарлама аясында Роза Рымбаева, Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова, Рамазан Стамғазиев, Мейрамбек Бесбаев, домбырашы-виртуоз Асылбек Еңсепов, Мөлдір Әуелбекова өнер көрсетеді.

Сонымен қатар концертке "Қоңыр", Ulytau тобы мен "Сазген сазы" фольклорлы-этнографиялық ансамблі, "Алатау" дәстүрлі өнер театрының артистері қатысады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына 17:00 мен 21:00 аралығында ел сүйіп тыңдайтын күйлер мен термелер, халық әндері мен еліміздің бай рухани мұрасын дәріптейтін шығармалар ұсынылады.

Бұл концерт ұлттық музыка мен дәстүрлі өнерге деген терең құрметтің айқын көрінісіне айналмақ. Кіру тегін.

Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз