Тікелей эфир

Алматыда Қарасай батыр көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Шәріпов көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Алматыда Қарасай батыр көшесінің бір аумағы біраз уақытқа жөндеуге жабылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қарасай батыр көшесінің бір учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

"23 шілдеде сағат 09.00-ден 25 шілдеде сағат 10.00-ге дейін Шәріпов көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары