Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған атыс қаруы табылды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Полиция ҮАК маңындағы ғимараттан 12 калибрлі қаруды тапты.

Алматы полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған атыс қаруы жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, қару Алматының Жетісу ауданында, Жансүгіров көшесі маңындағы Үлкен Алматы каналының жанындағы бос ғимараттың ішінен табылған. Тексеру барысында оның тегіс ұңғылы 12 калибрлі атыс қаруы екені анықталды.

Қару криминалдық және ұрланған қарулар базасы бойынша сериялық нөмірімен тексерілген. Нәтижесінде оның 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы Сейфуллин көшесінде орналасқан "Оружейник" дүкенінен ұрланғаны расталды.

Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (қаруды заңсыз иемдену, беру, сақтау, алып жүру немесе тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктестер жаңалықтары