Астанада мас күйінде көлік жүргізген судья ұсталды: сот түсініктеме берді

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Тергеу жүріп жатыр.

Астанада ішімдік ішіп, көлік жүргізген судья ұсталғаны туралы ақпаратқа байланысты елордалық сот ресми түсініктеме берді.

Соттың мәліметінше, судьялар ерекше құқықтық мәртебеге ие болғанымен, олар құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен босатылмайды.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар Ішкі істер министрлігі арқылы Бас прокуратураға жолданды. Прокуратура бұл мәселені Жоғары Сот Кеңесінде қарау үшін ұсыныс енгізеді", – делінген хабарламада.

Ведомствоның айтуынша, тексеру заң талаптарына сай жүргізіліп жатыр. Сот жүйесі барлық азаматтың заң алдында теңдігі қағидатын ұстанатынын және судья тарапынан заң бұзушылық жазасыз қалмайтынын атап өтті.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары