Алматыда қай көшелер жөнделеді? Әкімдік жоспарды жариялады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
15 магистральдық көшеде жөндеу аяқталды.

Алматыда биыл жалпы ұзындығы 250 шақырым болатын 340 көшені орташа жөндеу жоспарланған. Жұмыстар аяқталғаннан кейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95%-ға жеткізілмек, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, 1 қыркүйекке дейін жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын 15 магистральдық көшенің учаскелерінде жөндеу жұмыстары аяқталған.

"Жөнделген көшелер қатарында Зенков, Жамақаев, Жетісу, Шемякин, Мәмбетов, Рысқұлбеков, Жанқожа батыр, Ескендіров, Ақан сері, Манас, Ғабдуллин, Жандосов, Орталық, Үшкемпіров көшелері және Құлжа тасжолының учаскелері бар. Жұбанов және Өтеген батыр көшелерінде, сондай-ақ Алтынсарин мен Абай даңғылдарында асфальтбетон жабынының төменгі қабаты төселген. Алдағы демалыс күндері жабынның жоғарғы қабатын төсеу жоспарланып отыр. Одан кейін жол таңбалары салынады", – делінген хабарламада.

Орташа жөндеу кезінде жол жабыны бүкіл ені бойынша жаңартылып, жаяу жүргіншілер жолы мен арық науаларының бүлінген бөліктері де жөнделеді.

Аудандық маңызы бар көшелерді жөндеуге де ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл:

  • Алатау ауданында – 99 көше;
  • Әуезов ауданында – 16 көше;
  • Наурызбай ауданында – 19 көше;
  • Бостандық ауданында – 39 көше;
  • Түрксіб ауданында – 21 көше;
  • Жетісу ауданында – 44 көше;
  • Медеу ауданында – 78 көше;
  • Алмалы ауданында – 1 көше жөнделеді.

Қазір жұмыстардың 70%-ы орындалған. Барлық жөндеу жұмыстарының 31 қазанға дейін аяқталуы жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Ақжар, Боралдай және Рахат-Мәдениет шағынаудандарында жалпы ұзындығы 96 шақырым болатын жаңа жолдардың құрылысы жалғасып жатыр. Бүгінде бұл жұмыстардың 80%-дан астамы орындалған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау