Тікелей эфир

Алматыда полиция департаменті бастығының орынбасары қайтыс болды

Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Алматыда полиция полковнигі жұмыс орнында қайтыс болды. Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Түрксіб аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Таңат Назанов жұмыс орнында қайтыс болды. Өлім себебі – инфаркт. Марқұм 53 жаста болған",– деп хабарлады Алматы қалалық ПД.

Таңат Назанов өмір бойы жедел бөлімшелерде жұмыс істеген, бұған дейін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментін басқарған.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында тұрғылықты жері бойынша үйдің ауласынан ҰҚК полковнигі Азамат Ыбыраевтың мәйіті табылды

Серіктестер жаңалықтары