2022 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында тұрғылықты жері бойынша үйдің ауласынан ҰҚК полковнигі Азамат Ыбыраевтың мәйіті табылды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
"Аталған фактіні Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Есіл аудандық Полиция бөлімі 2022 жылғы 10 қаңтардағы №227116031000018 сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді", деп жазылған хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бүгін Жамбыл облысының полиция департаментінің бастығы, генерал Жанат Сүлейменовтің өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды.
USD:
481.1 / 484.1
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.77 / 5.97