Алматыда полицейлерге көмек сұрап барған азамат оңбай таяқ жегенін айтты

Сот қоғамдық жұмыстарға тартып, өтемақы төлеу туралы шешім шығарған.

Алматыда ұялы телефонын ұрлатып алған азамат, арыз жазуға барып тәртіп сақшыларынан оңбай таяқ жегенін айтады. Екі қабырғасы сынып, есінен танып қалған жігіт полицейлердің мұндай әрекетіне наразы. Құзырлы орган өкілдерімен болған жағдай үшін сот кінәлі деп танып 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарған.

Мамырдың 10-ы күні Нұрғабыл Шажабаев түн ортасында бейтаныс азаматтың қоңырау шалу үшін телефонын сұрағанын айтады. Алаңсыз сұрағанын берген жігіт, ұры телефонды алып тұра қашқан. 

"Қақпа арқылы кірдім, жанымда ешкім болмады. Ішке кірсем, барлығы ұйықтап жатыр екен. Менің дауысымнан оянды. Арыз жазып тұрғанша машинамен қуып жетсек, сол адамды ұстап алатын едік. Осылай айтып едім," Әкеңнің машинасы бар ма еді?" деді. Менің бар кінәм "Сенің әкеңнің машинасымен қуамыз ғой" деп айтқаным", – деді Алматы облысының тұрғыны Нұрғабыл Шажабаев. 


Оқи отырыңыз: Алматыда онлайн сатылған 8 мың вейп тәркіленді


Сол жерден құлағаннан кейін дереу жедел жәрдем шақырған. Бірақ жарақаттың ауыр еместігін айтып олар кері кетті дейді. Ертесінде Талғар аудандық ауруханасына барып қос қабырғамның сынғанын білген.

"Екі қабырғам сынды. Артқы жақ бүйірімнің барлығын соғып тастаған. 11-і күні мені ұрып-соқты деп арыз жаздым. Олар 13-і күні менің ар-намысыма тиді деп арыз жазған", – деді Алматы облысының тұрғыны Нұрғабыл Шажабаев. 

Осыдан кейін қос тарап арасында сот процесі өткен. Нұрғабыл Шажабаев мені ұрып-соққан бейнебақылау камерасындағы жазбаны тәртіп сақшылары бермей отыр деп наразы. Ал 28 маусым күні бұл оқиғаға қатысты сот үкімі шығыпты.


Оқи отырыңыз: Қуандық Бишімбаев әлі тергеу изоляторында отыр


"ҚР ҚК 378-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсыз және 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалсын. Сонымен бірге 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 18 460 теңге жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілсін", – делінген ҚР Жоғарғы сотының үкімінде.  

Мұндай шешіммен келіспеген Нұрғабыл Шажабаев апелляциялық шағым түсіріпті. Ал қалалық полиция департаменті әзірге бұл жағдай туралы жауап бермеді. Даудың басына түрткі болған қалта телефонын тәртіп сақшылары екі күннен кейін тауып иесіне қайтарған екен. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау