USD: 473.5 / 477.5
  • EUR: 540.0 / 545.0
  • RUB: 5.69 / 5.81
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Алматыда нөмірі жоқ электр самокаттар арнайы тұраққа қойылып жатыр

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Электр самокаттардың жылдамдығы автоматты түрде шектелетіні тексерілді.

Алматыда полиция электр самокаттарды жалға беретін шерингілік компаниялардың жаңа заң талаптарын қалай орындап жатқанын тексерді. Рейд барысында бірқатар кемшілік анықталып, нөмірсіз электр самокаттар арнайы тұраққа эвакуацияланды, деп хабарлайды ІІМ.

Тексеру барысында шерингілік сервистердің бағдарламалық жасақтамасы велосипед жолдары мен тротуарларда электрсамокаттардың жылдамдығын автоматты түрде шектейтіні анықталды.

Полицияның мәліметінше, анықталған кемшіліктерді жою үшін операторларға нұсқама беріледі. Егер талаптар белгіленген мерзімде орындалмаса, компанияларға заңнамаға сәйкес шара қолданылады.

"Рейд кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз пайдаланылған электрсамокаттар анықталып, арнайы тұраққа қойылды. Сондай-ақ полиция пайдаланушыларға самокатты пайдалану және тұраққа қою ережелерін түсіндірді", – делінген хабарламада. 

Ведомствоның хабарлауынша, электр самокатты жалға алу үшін электрондық үкімет порталы арқылы жеке басын міндетті түрде сәйкестендіру қажет.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау