USD: 471.3 / 474.3
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.91 / 6.03
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Алматыда Немирович - Данченко көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
8 шілдеден бастап Алматыдағы бір көшеде қозғалыс өзгереді.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының Алатау ауданында 1988 жылы пайдалануға берілген ұзындығы шамамен 483 метр жылу құбыры қайта жаңғыртылады. Бұл туралы "Алматы жылу желілері" ЖШС хабарлады.

"Осыған байланысты 2026 жылғы 8 шілдеден бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін Немирович-Данченко көшесінің батыс жағымен Рысқұлов даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі аралықта автокөлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі. Жүргізушілерге бұл учаскені екі бағытта да Немирович-Данченко көшесінің шығыс жағымен айналып өту ұсынылады", – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, уақытша шектеу жер астындағы жылу құбырын жоспарлы түрде қайта жаңғырту жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін енгізіліп отыр.

Жоба толық аяқталғаннан кейін алдағы жылыту маусымында 14 көпқабатты тұрғын үй, 2 жеке тұрғын үй, 2 мектеп және тағы 10 нысан тұрақты жылумен қамтамасыз етіледі.

"Алматы жылу желілері" ЖШС қайта жаңғырту жұмыстары кезінде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайтынын атап өтті және тұрғындар мен жүргізушілерден уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау