Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, "Мыңжылқы" кемпинг-аймағы – тау демалысын, трекингті, хайкингті және серуендеуді ұнататындарға арналған жабдықталған жазғы лагерь. Туристердің жайлы және қауіпсіз демалысы үшін шатырлар, орындықтары бар үстелдер және ұлттық стильдегі «алтыбақан» әткеншектері орнатылды.
Туристерді тартудың жаңа нүктесі кіші Алматы өзенінің бастауында теңіз деңгейінен 3100 м биіктікте орналасқан. Маңайында Мәншүк Мәметова атындағы көл мен Амангелді шыңы орналасқан.
"Біз туристер үшін жаңа автобус бағыттарын құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Әрбір кемпингтің орны тақырыбы мен сипатына сәйкес келетін өзіндік бірегей дизайны бар. Кемпинг аймақтары туралы барлық ақпарат карта платформаларына, соның ішінде 2GIS-ке қосылады", – деді Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның әлі күнге дейін туристік бренді жоқ. Мәселе 10 жылдан бері неге шешілмей келеді?
"Мыңжылқы" соңғы жылдары Алматы қаласы Туризм басқармасы ашқан тоғызыншы кемпинг-аймақ болды. Биыл жылдың соңына дейін туристік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде БАО-да кемпинг-аймақ құрылатын болады.