Тікелей эфир

Алматыда мопед жүргізушілерінің қатысы бар жол апаттары көбейді

Соңғы он ай ішінде 3 мыңнан астам алматылық көлік апатынан зардап шеккен.

Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері мегаполисте дәл осы мопедтердің қатысуымен 333 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 14 адам көз жұмған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Сондай-ақ, 355 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Соңғы он ай ішінде 3 мыңнан астам алматылық көлік апатынан зардап шеккен. Қалада мопед немесе самокат тізгіндеген жастардың қатысуымен болатын оқыс оқиғалар саны ұлғайды.

Мысалы, самокатшылар 6 708 рет жол ережесін бұзған. Мопедшілерге қатысты 10 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылып, 1500 мопед айыппұл тұрағына қойылған.


Оқи отырыңыз: Шымкенттегі әуежай маңында заңсыз орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттар бұзылып жатыр


Мопедшілерді тәртіпке шақыру қиын, себебі заңда мопед жүргізушілеріне қатысты нақты анықтама жоқ. Сол үшін тиісті заңнамаға түзетулер енгізіп, мопедке мәртебе беруді ұсынылуда.

Серіктестер жаңалықтары