Алматыда марафонға байланысты бірқатар көше жабылады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Кейбір көшелер 26 қыркүйектен жабылады.

27 қыркүйекте Алматыда 15-ші мерейтойлық Almaty Marathon өтеді. Осыған байланысты жарыс бағыты өтетін бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Биыл марафонға әлемнің 60-тан астам елінен 16 мың адам қатысады. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жолдар қатысушылардың қозғалысына қарай кезең-кезеңімен ашылады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Марафонның сөресі Абай алаңында орналасады. Осыған байланысты Достық даңғылының Сәтбаев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі бөлігінде екі бағыттағы қозғалыс 26 қыркүйек сағат 20:00-ден 27 қыркүйек сағат 13:00-ге дейін жабылады.

Абай даңғылының Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі 26 қыркүйек сағат 15:00-ден 27 қыркүйек сағат 15:00-ге дейін жабық болады.

Сәтбаев көшесінің Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігінде қозғалыс 26 қыркүйек сағат 06:00-ден 28 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін тоқтатылады.

Желтоқсан көшесінің Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі 26 қыркүйек сағат 20:00-ден 27 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін жабылады.

Марафон өтетін күні жолдардың жабылу уақыты мынадай:

  • 06:00–13:30 — Абай даңғылы, Достық даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейін;
  • 08:30–12:50 — Достық даңғылы, Құрманғазы көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін;
  • 08:35–11:15 — Бөгенбай батыр көшесі, Достық даңғылынан Масанчи көшесіне дейін;
  • 08:40–10:55 — Сәтбаев көшесі, Желтоқсан көшесінен Масанчи көшесіне дейін;
  • 08:50–12:00 — Қабанбай батыр көшесі, Достық даңғылынан Масанчи көшесіне дейін;
  • 09:05–12:50 — Шевченко көшесі, Достық даңғылынан Мұратбаев көшесіне дейін;
  • 09:25–13:30 — Құрманғазы көшесі, Достық даңғылынан Мұратбаев көшесіне дейін;
  • 09:35–13:30 — Наурызбай батыр көшесі, Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейін.

Абай даңғылының Момышұлы көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігінде солтүстік бағыттағы қозғалыс 06:00–09:15 аралығында, ал Сейфуллин даңғылынан Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігінде оңтүстік бағыттағы қозғалыс 08:00–10:35 аралығында шектеледі. Бұл учаскелерде балама бағыт ретінде әл-Фараби даңғылымен жүруге болады.

Сондай-ақ Шевченко көшесі жабылған кезде әл-Фараби даңғылы мен Төле би көшесін пайдалануға болады. Сәтбаев көшесі жабылған уақытта Төле би көшесі және әл-Фараби даңғылы арқылы жүруге мүмкіндік бар.

Almaty Marathon бағдарламасында 10 шақырым, 10 шақырым скандинавиялық жүріс, 21,1 шақырым, 42,2 шақырым және командалық Экиден эстафетасы бар.

Сөреге шығу уақыты:

  • 06:00 — 10 км, A, B, C, D, E және F кластерлері;
  • 06:15 — 10 км, G, H, K, L, M және N кластерлері;
  • 07:30 — 42,2 км және командалық Экиден эстафетасы;
  • 07:45 — 21,1 км.

Мәреге қатысушылар Республика алаңында келеді. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарына жолдардың жабылуын алдын ала ескеріп, маршрутты жоспарлауды ұсынды. Сөре орнына жетудің оңтайлы бағытын 2GIS қосымшасы арқылы құруға болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау