Алматыда 1400-ден астам автобус экологиялық талапқа сай емес

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
3 мыңнан астам автобус тексерілді.

Жыл басынан бері Алматыда 3 мыңнан астам автобустың экологиялық көрсеткіші тексерілді. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.

Әкімдік мәліметінше, мамандар жалпы 3 108 автобусты тексерген. Мониторинг нәтижесінде олардың 1 420-сы немесе 45,7 пайызы экологиялық талаптарға сай емес екені анықталған.

Қалалық әкімдік анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.

Мониторинг Алматыдағы атмосфералық ауаны қорғау қағидалары аясында жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты – автокөліктерден және басқа да ластау көздерінен ауаға бөлінетін зиянды заттардың көлемін азайту.

Әкімдік экологиялық талаптардың сақталуын бақылау жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау