Алматыда коммуналдық баспананы заңсыз пайдаланудың 172 дерегі анықталды

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Оның 114-інде пәтер босатылып, қалған 58 жағдай бойынша сотқа дейінгі шағым-талаптар жолданды. 

Алматыда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген пәтерлердің мақсатқа сай пайдаланылуы тексеріліп жатыр. Жыл басынан бері қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен Тұрғын үй инспекциясының мамандары Наурызбай, Алатау, Медеу және Түрксіб аудандарындағы 3125 пәтерді аралап шықты.

Мониторинг нәтижесінде баспананы бөгде тұлғаларға заңсыз берген 172 дерек тіркеліп, оның 114-інде пәтер босатылды. Ал қалған 58 жағдай бойынша сотқа дейінгі шағым-талаптар жолданды. Тексеріс барысында баспананы қайта жалға беру, келісімшартта көрсетілмеген адамдарды тұрғызу және жалдау ақысын төлеу міндетін орындамау сияқты заңбұзушылықтар белгілі болды.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 24-бабы 3-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы орган берген пәтерді жалға алушылардың оны қайта жалға беруге немесе уақытша тұрғындарды орналастыруға құқығы жоқ. Жалға берілген баспананы бөгде адамдарға өтімге ұсыну немесе қайта жалға беру келісімшартты бұзуға негіз болады.


Оқи отырыңыз: Депутаттар шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялауды сұрады


Босатылған пәтерлерде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар аяқталған соң, бұл баспаналар кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға беріледі.

Коммуналдық тұрғын үйдің мақсатқа сай пайдаланылуын тексеру жұмыстары одан әрі жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау