Алматыда Көктөбе саябағына апаратын жаяу жүргіншілер жолының құрылысы басталды

Жұмыс осы жылдың қараша айында аяқталады.

Алматыда Көктөбеге апаратын жаяу жүргіншілер жолын салына бастады. Бұл туралы Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Азаматтардың өтініштерін ескере отырып,осы жылдың үшінші тоқсанында жаяу жүргіншілерге арналған сауықтыру жолының құрылысы басталды.

"Жеке қаражат есебінен қыркүйек айының басында «Көктөбе» саябағына дейін ұзындығы 1,2 шақырым жаяу жүргіншілер жолын ретке келтіру жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жолды кеңейту жұмыстары аяқталды: жиектер, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады. Аяқталу мерзімі – осы жылдың қараша айы", – деді Ерболат Досаев.


Оқи отырыңыз: Досаев: Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға арнайы квота бөлінеді.


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз