Тікелей эфир

Досаев: Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға арнайы квота бөлінеді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесті.

Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде қала әкімі Ерболат Досаев мүмкіндігі шектеулі жандарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін арнайы квота бөлетінін айтты.

Наурызбай ауданының тұрғыны, бірінші топ мүгедегі, зағип жан қолында дипломы болса да, жұмысқа орналаса алмай жүргенін бөлісті. 

"Жылына 15-16 студент медициналық колледжді бітіреді. Өздеріңіз арнайы грант бөліп, оқытып жатырсыздар. Дипломымызды, арнайы сертификатымызды алдық. Қолымызда диплом болса да, ешкім бізді жұмысқа алмайды", – деді ол.


Оқи отырыңыз: Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған грант: өтінім қабылдау 11 қыркүйекте басталады


Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өзіне осы сипатты хаттар келетінін айтты.

"Осыдан біраз уақыт бұрын жеке колледждер біз бөлген грантпен балаларды оқуға да алмаған болатын. Маған осы мәселеге қатысты хаттар келген. Мен Денсаулық сақтау басқармасына тапсырма берейін және арнайы квота бөлейін. Әр емхананың ішінде өзінің квотасы болады. Биыл және бұрын бітірген мамандардың құжаттары бір апта ішінде жинастырылып, олардың бағалары, сертификаттары дұрыс болса, бір ай ішінде денсаулық сақтау мекемелеріндегі бос орындарға орналастыру қарастырылсын. Жыл сайын бітірген мамандар санына қарай квота бөлінетін болады", – деді қала әкімі.


Оқи отырыңыз: "Мүмкіндігіміздің шексіз екенін дәлелдедік". Мүгедек жандар қалай қоғамды өзгертіп жатыр?


 

Серіктестер жаңалықтары