USD: 483.5 / 486.5
  • EUR: 562.5 / 567.5
  • RUB: 6.35 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Алматыда IQanat олимпиадасының финалдық кезеңі басталды

Фото: IQanat білім беру қоры
Фото: IQanat білім беру қоры
Үздіктерді іріктеуде балалардың академиялық жетістіктерінен бөлек, soft skills дағдылары да маңызды.

Алматыда ауыл оқушыларына арналған бірегей жоба – IQanat Олимпиадасының финалы басталды. Оған іріктеу кезеңдерінде 50 мың бала арасынан топ жарған 1000 бала қатысады. Оның аясында оқушылар EQ-тест тапсырады, яғни олардың эмоциялық интеллекті, көшбасшылық жеке қасиеттері де таразыланады. 

Олимпиаданы ұйымдастырушылардың айтуынша, қорытынды тестілеудің академиялық бөлігі 80%-ды құраса, қалған 20% бөлігі "жұмсақ" дағдыларға (soft skills) тиесілі болады. 

"Біздің міндетіміз – балалардың арасынан ең ақылдыларды емес, сонымен қатар ең ынталы, бастамашыл, көшбасшы оқушыларды іріктеу. Осы үшін қолданысқа EQ-тест енгіздік. Эмоциялық тестілеу оқушының мықты жақтарын, оны кейін қай бағытта дамыту керектігін де айқындап береді", – деді IQanat академиялық директоры Зухра Шегенова. 

Олимпиада аясында оқушылар тестілеуге қатысудан бөлек, түрлі семинар, тренинг, ынталандырушы кездесулерге де қатысады. Одан қалды, интерактивті ғылыми тәжірибелер, reading-челлендждер әзірленген. Peer-to-Peer жобасы аясында IQanat түлектері мен жоғары сынып оқушылары олимпиадаға қатысушы оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. 

Еске салайық, олимпиадада үздік нәтижеге ие болған балалар Бурабайдағы IQanat High School of Burabay мектеп-пансионатында тегін білім алады. Грантқа ілінбеген оқушылар IQ ADVANCED тереңдетіп оқу бағдарламасына және IQ-IP үш жылдық бағдарламасына қосылады. Оның аясында балалар жоғары оқу орындарына түсуге онлайн дайындалады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз