Алматы қаласы мен Алматы облысынан келген 315 фермер мен тауар өндіруші көктемнің алғашқы демалыс күндері – 7 және 8 наурызда – қала тұрғындарына 2000 тоннадан астам азық-түлік өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкелерде мыңнан астам түрлі тауар сатылады: көкөніс пен жеміс, ет, құс еті, балық, сүт және шұжық өнімдері, жұмыртқа, бакалея, бал, өсімдік майы және тағы басқа азық-түлік түрлері бар.
Қолданыстағы бағаны тұрақтандыру тетіктері бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлар қолжетімді бағамен сатылатын болады. Делдалдардың болмауы өндірушілерге өнімдерін нарық бағасынан орта есеппен 10–15% төмен бағамен ұсынуға мүмкіндік береді.
"Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жәрмеңкелерді әр сенбі және жексенбі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өткізеді. Қала бойынша жәрмеңке орындары:
- Алмалы ауданы — Масанчи мен Гоголь көшелерінің қиылысы
- Бостандық ауданы — Қазақфильм шағынауданы
- Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысы
- Медеу ауданы — Меңдіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы
Биыл Түрксіб, Алатау және Наурызбай аудандары да жаңа жәрмеңке алаңдары ретінде қосылады. Сонымен қатар Бостандық және Әуезов аудандарындағы жәрмеңке алаңдарын жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Жаңа ақпарат кейінірек жарияланады.
USD:
460.1 / 462.7
EUR:
541.5 / 546.5
RUB:
5.95 / 6.07