Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 7 және 8 наурыз күндері елордада кең ауқымды азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірінен келген жергілікті фермерлер мен отандық өндірушілер өз өнімдерін ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, бәліштер мен нан-тоқаштар, табиғи шырындар, тосаптар және өзге де тауарларды нарықтағы бағадан төмен бағада сатып ала алады.
Гүлдер де сатылымда болады
Мереке қарсаңында жәрмеңкеде гүл өнімдері де ұсынылады. Келушілер балғын әрі мерекелік гүл шоқтарын қолжетімді бағамен таңдай алады.
"Іс-шара 7 және 8 наурыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығы (Алаш тасжолы, 35Б) аумағында өтеді. Қонақтардың ыңғайлығы үшін жәрмеңке маңына №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус маршруттары қатынайды", – делінген хабарламада.
USD:
469.5 / 472.5
EUR:
552.0 / 557.0
RUB:
6.01 / 6.13