Алматы тұрғындары бүгін жер сілкінісін сезді. Жер сілкінісі туралы ақпаратты қаланың Төтенше жағдайлар департаменті растады.
"Сейсмикалық станциялар желі жер сілкінісінің ошағы туралы ақпарат пен оның қуатын нақтылап жатыр. Әрекет ету алгоритміне сәйкес, тиісті мемлекеттік органдарға хабар беріліп, қаладағы нысандардың жағдайына мониторинг жүргізу басталды" делінген хабарламада.
Алматы қаласында ғимараттардың бұзылуы не қирауы туралы ешқандай ақпарат түспеген. Құзырлы органдар қала халқын сабырлылық танытуға шақырды.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласында жер сілкінісінің қуаты 3 балл болып тіркелсе, Талғарда оның қуаты – 4 балл:
- Алматы – 3 балл;
- Талгар – 4 балл;
- Есік – 4 балл;
- Түрген – 3 балл;
- Өтеген батыр – 3 балл;
- Боралдай – 2 балл;
- Маловодное – 2 балл;
- Ж. Қайыпов – 2 балл;
- Алатау қаласы (бұрынғы Жетіген) – 2 балл;
- Қарасай ауданы (Қаскелең қаласы) – 2 балл.
Оқи отырыңыз:
- Жер сілкінісінің ошағы Алматыға жақындап келеді. 130 жыл бұрынғы жойқын зілзала қайталана ма
- Алматыда жер сілкінісінің жиілеуі: Афтершоктар қуатты зілзалаға ұласуы мүмкін бе
Еске салайық, биыл 4 наурызда Алматыда қуатты жер сілкінісі болды.